01
август
2022
Республикалық «Мектепке жол» акциясы
01.08 – 31.08.2022 жыл аралығында Республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша төмендегі іс-шаралар атқарылды.. Акцияны өткізуге байланысты жауапкершілікке тағайындалған ДТІЖ орынбасары Л.Абитинова мен әлеуметтік педагог А.Баймурзаева іс-шаралар жоспарын құрды. Мектепке баруға дайындау мақсатында аз қамданған отбасы, көп балалы отбасы, жетім балалар және материалдық көмек қажет ететін отбасыларды анықтауға мөлтек аудандар бойынша рейдтер жүргізіліп,кәсіпкерлерге хаттар таратылды.
Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің ұжымының демеушілігімен және жеке кәсіпкерлер оқу құралдарымен қайырымдылық шараларын жасады.
